Басты

Сәтбаев қаласында «Сәтбаев жұмыскер» бағдарламасы аясында алғашқы несие берілді!

Сәтбаев қаласында жұмысшы мамандық иелерін қолдауға бағытталған «Сәтбаев жұмыскер» жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба Сәтбаев қаласы әкімдігі мен «Отбасы банк» акционерлік қоғамының бірлесуімен жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның алғашқы қатысушысы – Бозбаева Гульжанат Жамангараевна, ол «Электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша энергетика басқармасында» электрослесарь ретінде жұмыс істейді. Ол – аталмыш бастаманың алғашқы несие иегері атанды.

Бағдарлама аясында тек жұмысшы мамандық иелері қатыса алады, атап айтқанда:

• электрослесарьлар,
• дәнекерлеушілер,
• токарьлар,
• машинисттер,
• монтажшылар,
• механиктер,
• өндірістік саладағы өзге де техникалық мамандар.

Негізгі талаптар:

• Өтініш беруші жұмысшы мамандық иесі болуы тиіс;
• Айлық табысы 200 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы қажет;
• Соңғы 5 жылда өзінің немесе жұбайының атында жеке меншікті тұрғын үй болмауы тиіс.

Несиелендіру келесі салаларда жұмыс істейтін азаматтар үшін қолжетімді:

• өңдеу өнеркәсібі және машина жасау,
• электр, жылу, су, газбен жабдықтау,
• сумен қамту және кәріз жүйесі, қалдықтарды өңдеу,
• кондоминиумды басқару және оның мүлкін ұстау,
• құрылыс саласы,
• ауыл, орман және балық шаруашылығы,
• жеңіл өнеркәсіп,
• тау-кен өндіру және карьерлерді қазу,
• көлік және қойма шаруашылығы (Ұлытау өңіріндегі нысандарда жұмыс істейтіндер үшін).

Өз баспанаңызға қол жеткізгіңіз келсе және жұмысшы мамандық иесі болсаңыз, Сәтбаев қаласының әкімдігіне жүгініп, бағдарламаға қатысу шарттары бойынша кеңес алып, өтініш бере аласыз.

Толығырақ ақпарат @satbaev_akimdigi парақшасында.

 

TuraNews

Back to top button