Денсаулық

Сарыағашта жыл басынан бері 105 науқасқа коронарография әдісімен ота жасалған

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында жыл басынан бері 105 науқасқа коронарография əдісімен ота жасалған.

Жоғары технологиялық операция кезінде дәрігерлер тіліксіз әдіспен науқастардың жүрек-қан тамырларына стент орнатып берген. Аудандық ауруханада жасалған отаның барлығы сәтті өтті дейді дәрігерлер.

Жүрек тамырларының коронарографиясы – бұл артериялардың ішкі люменінің тарылуының орнын, дәрежесін және сипатын анықтауға мүмкіндік беретін радиопакалық агентті қолдану арқылы жүректің артериялық тамырларын рентгенографиялық зерттеу. Бұл жоғары ақпараттық диагностикалық әдіс жүректің ишемиялық ауруы (жүректің ишемиялық ауруы) бар науқастың диагнозын нақтылау үшін қолданылады.

Коронарография мамандандырылған операциясы ангиограф аппаратының көмегімен жасалады. Аталған аппарат 2023 жылдың қаңтар айында ауруханаға орнатылған. Оның көмегімен бірінші кезеңде жүректегі қан тамырларын тексеріп, сырқатын нақты анықтай алады. Диагностикалық тексеруден кейін диагнозы расталған пациенттерге тіліксіз, катетердың көмегімен тарылып бітелген қан тамырларына стент орнатып береді.

«Сарыағаш аудандық орталық аурухана базасында коронарография әдісін жүргізу арқылы жүрекке жоғары технологиялық ота жасап жатырмыз. Мұндағы мақсат – науқастарға дер кезінде медициналық көмек көресту, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Мұндай оталарды жасау үшін аудандық аурухана дәрігерлері облыстық, республикалық жетекші емдеу орталықтарына барып, интервент дәрігерлермен бірге тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық орталық аурухана базасында республикалық деңгейдегі емдеу мекемесінен жоғары тәжірибелі мамандарды шақырттық. Білікті мамандар жасақталып, қазір осы саланы дамыту жағын мықтап қолға алдық. Енді науқастарды облыс орталығына жібермей-ақ, аудан деңгейінде операция жасап, денсаулықтарын сауықтыруға болады» дейді аурухананың бас дәрігері Бахыт Мырзалиев.

Айта кетсек, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы – өңірдегі көп бейінді, бәсекеге қабілетті ұйым. Аурухана базасында ашылған рентген-кардиохирургия бөлімшесінде дәрігерлер жүрек дерттерін емдеп, кардиология бағытында күрделі оталар жасап жатыр.

TuraNews

Back to top button