Қоғам

Сарбазды гранатадан құтқарған подполковник ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Оның ішінде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде көрсеткен өлшеусіз ерлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ұлттық ұлан қызметшісіне мемлекеттік награданы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов табыстады.

Естеріңізге салсақ подполковник Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде кенеттен жарылған жауынгерлік гранатадан жас сарбазды өз денесімен жауып қалған. Офицер өзі жарақаттанғанымен, сарбаз дін-аман. Қазіргі таңда ұландық өз қызметін әрімен қарай жалғастыруда.

TuraNews

Back to top button