Қазақстан Ұлттық банкі «Сақ стилі» айналымдағы биколорлы монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сақ стилі» монета бағдарламасының идеясы Қазақстан халқын монеталар коллекциясын жинауға белсенді түрде тарту, мәдени-тарихи және ағартушылық құндылықтарды алға тарту, сондай-ақ отандық монета өндірісін танымал ету болып табылады.
Сақ стилі – Еуразия даласының кейінгі қола және ерте темір дәуірі мәдениетіндегі жануарлардың бейнелерін орындаудың ерекше тәсілі.
«Сақ стилі» айналымдағы биколорлы монеталары туралы
Номиналы 100 теңгелік, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм болатын әр түрдің 1 000 000 (бір миллион) данасымен, жалпы таралымы 5 миллион данамен uncirculated дайындау сапасымен нибрасс/нейзильбер қорытпасынан жасалған биколорлы айналыстағы монеталардың бес түрі.
«Сақ стилі» монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалды.