Сапалы білім – табысты ұлттың кепілі

Қай заманда да елдің өркендеуі мен мемлекеттің дамуы – ең алдымен, білімге тәуелді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында атап өткендей, білім мен ғылым Қазақстанның дамуының қозғаушы күші болуы тиіс.
Ел болашағы – жас ұр- пақта. Сондықтан Прези- дент білім беру жүйесін жаңғырту, сапасын арттыру, жаңа технологияларды ен- гізу мәселесіне ерекше мән берген. Негізгі бағыттар: 1. Жасанды интеллект пен цифрландыру Мамандарды білім бе- ру мекемелерінде жасанды интеллект негіздерін меңге- руге дайындау – мектептен басталатын маңызды міндет. Бұл – болашақ мамандардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін қажетті білім. 2. Ауыл мектептері мен «Жайлы мектеп» жобасы Қала мен ауыл арасын- дағы білім беру мүмкіндік- терінің теңсіздігін азайту үшін мектептерді жаңарту, үнемі жабдықтау, апатты және үш ауысымда оқитын мектептер мәселесін жою қолға алынуда. 3. Педагогтердің мәр- тебісі мен біліктілігі Мұғалімдер мен тәр- биешілердің әлеуметтік жағдайы, оларды даярлау және аттестациялау жүйесі нығайтылады. Мұғалім ма- мандығының беделі өседі. 4. Мектепке дейінгі бі- лімнің маңызы 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтуды ұлғайту, балабақ- шадағы тәрбие мен білім сапасын арттыру – бүкіл білім сапасының іргетасы. Елдің бәсекеге қабілетті мемлекет болуына үлес қо- сатын білімді ұрпақ тәрби- елеу. Жеке адамның биік мақ- саттарға жетуі – ұлттың, мемлекеттің жеңісі. Саналы, парасатты, мә- дениетті азаматтардың көп болуы – экономикалық ға- на емес, рухани, әлеуметтік жағынан да табысты ұлттың белгісі. «Сапалы білім – табысты ұлттың кепілі» деген ұғым тек сөз емес, Президент Жолдауында көрсетілген нақты стратегиялық бағыт- тардың бірі. Болашақты қа- лыптастыратын білім мен ғылым – мемлекеттің да- муының негізі. Жас ұрпақты сапалы бі- ліммен тәрбиелеу арқылы біз ұлттық мақтанышымызды арттырамыз, еліміздің абы- ройын әлемге танытамыз.
Каниса ТЕЛГОЗИНА, Жезқазған қаласы Аналар кеңесінің төрайымы.