БастыЭкономика

«Самұрық-Қазына» Şekerbank-тегі акцияларын İlbank Holding-ке аударды

Şekerbank-тің (Шекербанк) төленген капиталының 12,06 пайызына сәйкес келетін акцияларын түркиялық İlbak Holding-ке беру процесінің басталғанын хабарлады.

Бұл туралы Түркияның Қоғамдық ақпаратты ақпараттандыру платформасында (ҚАП) жарияланған банк хабарламасында айтылған, деп хабарлайды TuraNews.kz.

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-не тиесілі және Şekerbank-тің төленген капиталының 12,06%-ына сәйкес келетін акцияларды İlbak Holding A.Ş.-ға аудару процесі басталды», – денілген хабарламада.

İlbak Holding – тау-кен өнеркәсібі, маркетингтік коммуникациялар, медиа, туризм, полиграфиялық қызметтер, жылжымайтын мүлікті дамыту және азық-түлік өндірісімен айналысатын ең ірі түрік холдингтерінің бірі. Холдинг құрамындағы Ströer Kentvizyon компаниясы Ыстанбұл мен Анкарада қалаларында билбордтарды орнату, аялдамаларды реттеу және сыртқы жарнамаларды орналастыру жұмыстарын жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы БТА (ТұранӘлем Банкі) Түркияның Sekerbank банкінің 34 пайыз акциясын сатып алған болатын. 2009 жылы БТА банкі мемлекет меншігіне өтіп, банктің бұрынғы қожайыны Мұхтар Әблязов (2005-2009) халықаралық іздеуге жарияланды. Ал, 2014 жылдың 4 шілдесінде КАЗКОМ және жеке инвестор Кеңес Ракишев «Самұрық-Қазына» қорынан БТА Банкінің әрқайсысы 46,5% акциясын сатып алды.

 

TuraNews

Back to top button