Самұрық-Қазына: өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге бөлінді
«Самұрық-Қазына» Абай облысында өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге бөлді. Бұл туралы қор басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп жазады Turanews.kz.
Қаражат эвакуацияланған елді мекен тұрғындарына, сондай-ақ өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек ретінде беріледі және Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қоры арқылы аударылады.
«Бүкіл Қазақстан орман өрті өршіп тұрған Абай облысындағы отандастарымыз үшін алаңдаулы. Мемлекет басшысы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде тасада қала алмаймыз», — деп жазды Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында.
Группа компаний «Самрук-Қазына» решила направить 200 млн тенге на гуманитарную помощь жителям эвакуированных населенных пунктов и специалистам, задействованным в тушении пожара
— Nurlan Zhakupov (@Nurlan_Zhakupov) June 12, 2023