Басты

Самарқандта ТМҰ саммиті басталды

Бүгін Самарқандта Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2009 жылы құрылып, содан бері Түркі кеңесі атанып келген құрылым былтыр Ыстамбұлда ұйым мәртебесін алған еді. Бүгінгісі сол ұйымның алғашқы жиыны. Қасым-Жомарт Тоқаевты «Конгресс орталығында» Шавкат Мирзиеев қарсы алды. Қазір өтіп жатқан жиын барысында бауырлас елдердің басшылары ұйым аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын қарастырады. Сондай-ақ, саммитке қатысушылар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Source
24.kz

TuraNews

Back to top button