Қоғам

Самал Ысқақова: “Әкемді ұмытпай, сөзін, мұрасын бағалап жатқан баршаңызға ризашылығым шексіз”

Халықаралық деңгейдегі ақындар бас қосқан республикалық поэзия фестиваліне әдебиет алыбы Қалихан Ысқақтың қызы Самал Ысқақова келді.

Сахна төрінде әкенің абыройы мен руханияттағы орнын ардақ тұтқан жұртқа Самал ханым шынайы ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

— Бүгінгі шара тек мен үшін ғана емес, күллі ел үшін үлкен мәртебе деп білемін. Қасиетті Катонқарағай ауданында әкемнің құрметіне арнайы шығармашылық кеш ұйымдастырғандарыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Әкемді ұмытпай, сөзін, мұрасын бағалап жатқан баршаңызға мың алғыс. Сыйлап келгендеріңізге көп рақмет! — деді ол көзіне жас алып.

Жан тебірентер бұл сөздер жиналған жұртты бейжай қалдырмады. Қалихан шығармашылығын қадір тұтқан қауым мен ақын-жазушылардың жүрегінен орын алған сәт – нағыз рухани биікке көтерілген тұс еді.

TuraNews

Back to top button