Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жүлдегері атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
51 келіге дейінгілер арасындағы ширек финалда Бибосынов малайзиялық Гайюм Ариффинді 5:0 есебімен таза жеңіп жетістікке қол жеткізді. Осының арқасында жерлесіміз сары құрлық бәсекесінде кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр.
Еске салайық, Сәкен Бибосынов 5 қарашада ерлер арасында ринг төріне өзі шықты.
Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.