Экономика
Сайрамда ет экспорты артуда
Түркістан облысы Сайрам ауданында мал шаруашылығының дамуы облыста жетекші орында тұр, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Атап айтсақ, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал 105,3 % , яғни 241,6 мың бас артты.
Ал уақ мал – 105,6 % бұл 143,6 мың басты құрайды. Сонымен қатар жылқы – 100,2 % – 80,5 мың бас және құс – 100,2 – 173,7 мың басқа ұлғайған.
Ет өндіру – 105,8 % (32,5 мың тн), сүт өндіру – 107,4 % (134,1 мың тн.), жұмыртқа – 101,5 %-ды (14,7 млн.дана) құрады.
Жалпы ауданда мал бордақылау ісі қолға алынған. 1038 мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақыланады. Биылғы жылдың 10 айында барлығы 15,8 мың тонна ет экспортталды. Оның ішінде 11,0 мың тонна ірі қара мал еті және 4,8 мың тонна қой еті.