Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров бүгін Мәскеуге ресми сапармен ұшты, деп Кабар агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Іссапар барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөз өткізу жоспарланған.
Мемлекет басшылары күн тәртібіндегі екіжақты және жан-жақты мәселелерді, сонымен қатар екі тарап үшін де тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылайды.
Сондай-ақ ресми сапар барысында Садыр Жапаров басқа да ресми тұлғалармен кездеседі деп жоспарланған.
Жапаров, 9 мамырда құрметті қонақ ретінде Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады.