Kazinform агенттігінің хабарлауынша, Садыр Жапаров әлемдегі экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты су тапшылығының жыл сайын артып келе жатқанын еске салды.
— Біз өзендердің бастауында орналасқан таулы елміз. Біздегі су ресурстары бізді ғана емес, көрші елдерді де қамтамасыз етеді. Бұл ретте үнемделген судың әрбір литрі көршілерімізге көмек. Суды тиімді пайдалану – өзіміздің ғана емес, көршілес елдерде тұратын халықтардың алдындағы жауапкершілігіміз, – деді Қырғызстан Президенті.
Оның айтуынша, халықты суармалы сумен қатар ауыз сумен қамтамасыз етуді үнемі назарда ұстауды және нақты қадамды қажет етеді.
— Біз бұл мәселенің ауырлығын түсінеміз. Соңғы жылдары біз 400 мыңнан астам адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етсек, 2025 жылы қосымша 150 мың адамды сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Еліміздегі әрбір отбасы таза суға қол жеткізбейінше, біз тоқтамаймыз, — деді ол.
Екі күнге созылатын құрылтайға республиканың барлық облыстарынан 698 делегат, оның ішінде 30 этнос өкілдері, 30 шетелдегі еңбек мигранттары, сондай-ақ министрлер кабинеті мүшелері, парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Айта кетейік, II Халық Құрылтайы 2023 жылдың 15-16 желтоқсанында Бішкекте өткен болатын.
Қырғызстанда 2025 жылдан бастап таңбаланбаған жанармай айналымына тыйым салынады.