ӘлемБастыСаясат

Садыр Жапаров бұзақылық жасады деп айыпталған жақтастарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Бішкекте полицейлер бұзақылық жасады деген күдікке ілінген бір топ адамды ұстады, алты адамның фотосы жарияланды. Интернет пайдаланушылары көпшілігін «Мекенчил» партиясының өкілдері деп танып, олардың ұсталуы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Кабар» ақпарат агенттігі. 

«Соңғы кезде өздерін „Мекенчил“ партиясының мүшесі деп жүрген алаяқтар мен бопсалаушылар пайда болды. Ұсталғандардың екеуі бопсалаумен айналысады. Олар бопсалау арқылы оңай ақша тапқан. Қалған үшеуіне не болғанын білмеймін. Ұсталғандардың бірінің хабарламаларын, телефон қоңырауларын және дауыс жазбаларын көргенде, мен оған телефон соғып: „Жігіттер, мұндай лас жолмен күн көрудің қажеті жоқ. Кәсіпкерлікпен айналысып, лайықты адам ретінде өмір сүріңдер“ дедім. Барлық ұсақ-түйек мән-жайларды айтпаймын. Оның туыстары бәрін жақсы біледі. Отбасының алдында ескерттім: „Сен әлі жассың. Еңбек ет, адал еңбекпен табыс тап“ дедім», — деді С. Жапаров.

Сондай-ақ ол егер біреу заңсыз әрекетке барса, бопсалау немесе сыбайлас жемқорлықпен айналысса, «Мекенчил» ұйымының мүшесі ме, жоқ па, жауапкершілікке тартылатынын қосып өтті.

«Бопсалаушылардың біреуді „президентке шағым түсіріп, оны қызметінен кетіреміз“ деп қорқытып жатқанын білген бойда екі жаққа да телефон соғып, ескерттім: „Мен қай мемлекеттік қызметкердің қалай жұмыс істейтінін анық көріп тұрмын. Қазір заман басқа. Мемлекет қазынасынан бір тиын да ұрлау мүмкін емес. Маған бұрын кімнің қай партиямен сайлауға қатысқаны маңызды емес“, — деп түсіндірді ол.

Президент болған төбелес пен шаралардың бірінде жасырын камераның табылып, кейін белгілі бір бейнежазбаның жария етілуі арасындағы байланысты жоққа шығарды. Ол сондай-ақ оған үкіметтің қатысы бар екенін жоққа шығарып, істер тергеліп жатқанын айтты.

Еске сала кетсек, кеше Бішкек қалалық ІІБ қала тұрғынын ұрып-соғып, ұстады деген күдікке ілінген алты ер адамның ұсталғанын хабарлады. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, кейбір қолданушылар ұсталғандарды «Мекенчил» партиясының мүшелері деп атады.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button