Саясат
Садыр Жапаров 2026 жылға дейін шенеуніктердің айлығын көтеруге тыйым салды
Қырғызстан президенті мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мораторий енгізді.

Тиісті құжат үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды, деп хабарлайды 24.kg.
Тыйым 2026 жылға дейін енгізілген. Атап өтілгендей, бұл шешім мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында қабылданған.
Мемлекеттік ведомство, комитеттер, президенттің өңірлердегі уәкілетті өкілдіктері, сондай-ақ жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге тыйым салынып отыр.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың штат санын кеңейтуге де рұқсат жоқ.
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, сондай-ақ штат құрылымын өзгерту ерекше жағдайларда мемлекет басшысының жеке шешімімен мүмкін болады.
Мораторий қызметін Президент пен Министрлер кабинеті шешімдерінің орындалуын бақылау бөлімі қадағалауы тиіс.