
Кездесу барысында өткен референдумның қорытындылары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызы, олардың қоғам дамуына қосатын үлесі туралы айтылды.
Жиынға қатысушылар референдум нәтижелерінің ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, азаматтардың белсенділігі жоғары деңгейде болғанын жеткізді. Сонымен қатар, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететіні айтылды.



