Қазақстанның бірінші ракеткасы маусымның қорытынды турниріне жолдама алды, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты BasSport.kz-ке сілтеме беріп.
Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан жарыстың жартылай финалына шығып, сонымен қатар WTA Finals турнирінің қатысушысы атанды.
Теннисшіміз осымен үшінші жыл қатарынан жылдың қорытынды турнирінде өнер көрсетеді. Ал WTA Finals жарысы қараша айының басында Эр-Риядта өтеді.



