
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралиядағы WTA-500 санатындағы Брисбен турнирінде жеңісті жолын сенімді жалғастыруда, деп жазады spots24.kz сайты.
2022 жылғы Уимблдон чемпионы және әлемнің бесінші ракеткасы жарыстың ширек финалына жолдама алып, үшінші айналымда WTA рейтингінде 25-орында тұрған испаниялық Паула Бадосаны айқын басымдықпен ұтты.
Кездесу екі сетте аяқталды — 6:3, 6:2 — және 1 сағат 26 минутқа созылды. Рыбакина керемет сервис пен қабылдаудағы жоғары деңгейін көрсетті: ол үш эйс орындап, бірде-бір қос қателік жасамады және сегіз брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.
Бадоса алты эйс соққысымен көзге түскенімен, жиі қателесті: оның еншісінде сегіз қос қателік және төрт брейк-пойнттың тек біреуін ғана пайдаланды.
Брисбен турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина чехиялық Каролина Мухова мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
WTA 500. Брисбен (Австралия). 1\8 финал
Елена Рыбакина (Казахстан, 5) – Паула Бадоса (Испания, 25) – 2:0 (6:3, 6:2)



