БастыСпорт

Рыбакина әлемдік рейтингте жоғарылады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекелей сында польшалық теннисші Ига Швентек көш бастаса, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші орында тұр.

Брисбен WTA 500 турнирінде топ жарған қазақстандық Елена Рыбакина 6 811 ұпаймен америкалық Кори Гауфты (6 660 ұпай) артқа тастап, үшінші сатыға көтерілді. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 63-тен 64-ке төмен сырғыды.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 жарысында үздік шықаннан кейін 54-тен бірден 44-орынға көтерілді. Оның сол жарыста бірге өнер көрсеткен жұбы, словакиялық Виктория Грунчакова 84-тен 73-ке жоғарылады.

Рыбакина жұптық сын рейтингінде – 124-тен 125-ке, Жібек Құламбаева 143-тен 144-ке төмендеді.

TuraNews

Back to top button