Шығыс Африкадағы Руанда елінде Түрік сериалдарының әсеріне ұшыраған жастар түрік тілін үйренгісі келеді, деп хабарлайды TuraNews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Ел астанасы Кигалиде Руанда университеті жанындағы Юнус Эмре институтының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараларға жұртшылық үлкен қызығушылық танытуда.
Руандалықтар Түркияның бай мәдени мұрасы мен түрік тілін институт ұйымдастырған түрлі мәдени қарым-қатынас шаралары арқылы танып жатса, көптеген студенттер институт ұйымдастырған түрік курстары мен мәдени шараларға қатысуда.
Руандалық жастар Түрік сериалдары арқылы Түркияның табиғи сұлулығы, асханасының дәмі, музыкасы мен архитектуралық құрылымдарын көруде. Руандалық жастар түрік тіліне қызығушылық танытуда.