Денсаулық
Trending

Риддердегі көпсалалы аурухана құрылысының барысы тексерілді

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов Риддер қаласына жұмыс сапары барысында салынып жатқан көпсалалы аурухана кешеніне барды.

Ондағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, негізгі ғимараттар мен инженерлік коммуникациялардың дайындығын тексерді.

ШҚО әкімі орынбасарының айтуынша, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.
Медициналық кешенде бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана мен 200 орындық стационар болады.

Бақытжан Байахметов мердігер ұйымның басшылығына жұмыстың әр кезеңін сапалы әрі уақтылы орындаудың маңыздығын атап өтті.

Медициналық нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жаңа кешен іске қосылған соң Риддердің және оған жақын орналасқан аудандардың тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек қолжетімдірек бола түсіп, қызмет сапасы да айтарлықтай жақсармақ.

TuraNews

Back to top button