Қоғам

Риддердегі жаңа жұмыс тәртібі: жұмыс кестесі өзгерді

Риддер қаласында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс кестесі өзгерді. Енді жұмыс күні 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады, ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Жаңашылдыққа облыстың 13 әкімшілік бірлігінің 12-сі қолдау көрсетті. Бұл бастамаға Риддер де қосылды.

Бұл бастама еңбек үдерістерін оңтайландыруға және аймақтың климаттық жағдайларын ескере отырып, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Алайда бұл өзгеріс мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге әсер еткен жоқ.

Жергілікті тұрғындардың пікірінше, жаңа жұмыс кестесі ыңғайлы әрі алдын ала болжамды:

«Бұл – дұрыс және уақтылы шешім. Біріншіден, қауіпсіздік тұрғысынан алғанда таңертең қараңғыда жұмысқа бару қажет емес. Екіншіден, таңғы уақытта өнімділік жоғары, жұмыс істеу жеңілірек әрі жылдамырақ», – дейді қала тұрғыны Ляззат Шаяхметова.

«Мен жаңа жұмыс кестесін құптаймын, өйткені бұл өте ыңғайлы. Жаңа тәртіп балабақшалардың жұмыс уақытымен жақсы үйлеседі, олар 08:00-де ашылады. Ерте бастасақ – ерте аяқтаймыз, бұл отбасымызға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті тағы бір тұрғын Ольга Вахрамеева

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Болат Акужанов жаңа жұмыс кестесі тұрғындармен талқыланғанын атап өтті:

«Біз риддерліктермен бірқатар кездесулер өткізіп, бұл мәселені талқыладық. Қала тұрғындары бұл бастаманы қолдады. Жаңа жұмыс кестесі уақытты тиімді басқаруға және жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі деп ойлаймын».

Жалпы, жаңа жұмыс тәртібі қала тұрғындары арасында оң көзқарас тудырды. Бұл өзгеріс еңбек пен жеке уақыт арасындағы үйлесімділікті жақсартып, жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

TuraNews

Back to top button