Республика күні: Жастар рухы және ұлттық мақтаныш
«Менің елім – менің туым» атты республикалық акция аясында Өскемен қаласының жастары 30-дан аса нысанға мемлекеттік туды желбіретті.
Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухының» белсенділері «Менің Елім – Менің Туым» акциясын бастады. Дәстүрлі акция осымен үшінші жыл қатарынан өтуде. Акция аясында қазақстандық жастар 10 мың туды жебіретпек, lдеп хабарлайды TuraNews.kz.
«19 қазаннан бастап елімізде «Менің елім – менің туым» акция басталды. Бүгін шығысқазақстандық «Жастар Рухы» белсенділері туымызды іліп, акциямызды белсенді түрде жалғастырып жатыр. Акциямыздың негізгі мақсаты – елімізде бірлікті, егемендігімізді насихаттау. Бұл жыл сайын өтетін акция болғандықтан, жастар шараға үлкен белсенділікпен, қуана-қуана қатысуда», — деді «Аманат» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» қанатының ШҚО филиалының төрағасы Қорлан Тугамбаева.
«Менің Елім – Менің Туым» акциясы Республика күнін насихаттауға және жастар мен халық арасында Отанға деген сүйіспешілікті арттыруға бағытталған.
«Мен 40 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген зейнеткермін. Мемлекеттік туымыздың біздің үйімізде ілінуі біз үшін үлкен мәртебе. Осындай шаралардың көп болғаны жастардың рухын оятады, жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады», — деді жергілікті тұрғын Манат Қайсанова.
Мемлекеттік туды насихаттауға бағытталған шараға барлық қазақстандықтар қатыса алады.