Ресей қалаларында мобилизацияға қарсы акциялар кезінде мыңнан астам адам ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда демонстранттар қолдарына «Соғысқа жол жоқ!» деген плакаттар ұстап, соғысқа қарсы ұрандар айтып жатқаны көрінеді.
Протесты против путинской мобилизации #нетвойне pic.twitter.com/5RFAIa7PoX
— Соболь Любовь (@SobolLubov) September 21, 2022
Новосибирскідегі орталық алаңға жиналғандар ішінде полиция қызметкерлеріне: «Мен Путин үшін де, сен үшін де өлмеймін!», — деп айқайлаған шерушілер қамауға алынды.
В Новосибирске задержали местного жителя, крикнувшего силовикам «Я не хочу умирать за Путина и за вас!»https://t.co/pHDlfXJMMa
Видео: ACT-54 Black pic.twitter.com/dW1cOadVYY
— Медиазона (@mediazzzona) September 21, 2022
Сәрсенбі күні мобилизацияға қарсы акция мен пикеттер Ресейдің 38 қаласында (Челябинск, Красноярск, Тверь, Воронеж, Краснодар, Саратов, Калининград, Петрозаводск, Рязань. Иркутск және тағы басқа) өтті. Соңғы мәлімет бойынша, 1300-ден астам адам ұсталған.
Екатеринбургте акцияға қатысушылардың біріне «Билік өкіліне күш қолдану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қалада 40-тан астам адам ұсталған.
Daily Mail 20 қыркүйекте Путиннің үндеуі жарияланғаннан кейін Google-дың ресейлік сегментінде Ресей Федерациясынан қалай кетуге болады деген сұраулар көбейгені айтылды. Ал бүгін Мәскеу биржасы құлдырады, Ресейден ұшатын әуе билеттерінің бағасы бірнеше есе өсті.