БастыСаясатЭкономика

Ресейлік компания Түркияда екінші атом электр станциясын салады

Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Түркияның Синоп қаласында екінші атом электр стансасын салуға өтінімі басқа бәсекелестерінен басым түсті.

Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі А.Байрактардың айтуынша, «Росатом» — Түркияға инвестиция салып, атом электр станцияларын салуда біршама тәжірибе жинақтаған компания, деп жазады Kazinform агенттігі.

Министрдің сөзіне қарағанда, Синоп атом электр станциясы мемлекеттік және жеке сектор арасындағы бірлескен кәсіпорынға айналуы мүмкін және оны лицензиялау шамамен 2-3 жылға созылады.

Қазіргі уақытта түрік билігі Қытаймен Фракияда АЭС салу және АҚШ-пен шағын модульдік реакторлар салу туралы келіссөздерді жалғастырып жатыр. Америкалық Westinghouse Electric Company Түркияда шағын және қарапайым атом реакторларын салуға ниетті екендігі аталып өтті.

Түркияның Энергетика министрлігі Оңтүстік Корея мен ҚХР ұсыныстарын да қарастырып жатыр, бұл процесс әлі аяқталған жоқ.

2050 жылға қарай Түркия жалпы генераторлық қуаты 15 мың МВт болатын жалпы 12 реактор салуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Росатом Түркиядағы алғашқы Аккую атом электр станциясының құрылысын жүргізіп жатыр.

 

TuraNews

Back to top button