Ресейлік делегация өскеменде мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен Алтай өлкесі Үкіметі төрағасының орынбасары, губернатор әкімшілігінің басшысы Виталий Снесарь Өскемендегі «Жеңіс» мемориалдық кешенінде орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады TuraNews.kz.
Ресейлік делегация өңірге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған арнайы концерттік бағдарлама аясында келді.
– Әріптестерімізге зор ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – ортақ жеңіс. Біз ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек және оны жас ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет. Облыста мерейтойға орай түрлі іс-шаралар жоспарланған. Бүгінгі басқосу – солардың алғашқысы, – деді Ербол Нұрғалиев.
Оның айтуынша, алдағы күзде Шығыс Қазақстан облысының мәдени ұйымдары Ресей Федерациясына барып, өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл бастама екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған.