Басты

Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ құлады

Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйдің ауласына құлады, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

Оқиға орнында өрт тұтанып, жарылыс болған. От тұрғын үйдің бірнеше қабатын шарпыды. 4 адам қаза тауып, 25-і жараланды. Марқұм болғандардың үшеуі жанып жатқан үйдің терезесінен секірген кезде мерт болған.

Апат оқу-жаттығу кезінде болды. Құлаған ұшақтың пилоттары жарылыс болмастан бұрын секіріп үлгерген. Олардың сөзінше, Су-34 көкке көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірі өртене бастаған. Ресей қорғаныс министрлігі де апаттың нақты себебі осы екенін растады. Қазір болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Source
Qazaqstan TV

TuraNews

Back to top button