Қоғам
Ресейдегі жол апатынан қазақстандық зардап шекті

Ресейдегі жол апаты кезінде Қазақстан азаматы зардап шекті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
«Барнаул-Рубцовск тас жолында орын болған жол апатының салдарынан бір Қазақстан азаматы жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында», — деді Айбек Смадияр.
Кеше, Ресейдің Алтай аймағының Рубцовский ауданында Семейге келе жатқан жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан. Көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің барлығы автобус жолаушылары.