ӘлемБасты

Ресейде ұшақ апатынан 10 адам қаза тапты: ішінде «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин бар

Ресей Федерациясы Тверь облысы, Куженкино елді мекенінің маңында Embraer ұшағы апатқа ұшырады, деп ТАСС-қа сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, бортта 3 пилот пен 7 жолаушы болды, барлығы қаза тапты.

«МНТ-Аэро» компаниясына тиесілі ұшақ Шеремьетево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған.

Росавиация көз жұмған 10 адамның тізімін жариялады. Олардың арасында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен өзге де мүшелері бар.

Ұшақ апатынан көз жұмғандар тізімі:

  • Евгений Пригожин;
  • Дмитрий Уткин;
  • Сергей Пропустин;
  • Евгений Макарян;
  • Александр Тотмин;
  • Валерий Чекалов;
  • Николай Матюсеев;
  • Алексей Левшин (әуе кемесінің командирі);
  • Рустам Каримов (екінші пилот);
  • Кристина Распопова (бортсерік).

«Embraer-135 (EBM-135BJ) ұшағы ұшуын әуе кеңістігін пайдалануға белгіленген тәртіппен берілген рұқсаттың негізінде жүзеге асырды», — делінген Росавиация хабарламасында.

ТАСС-тың ақпаратынша, «Embraer-135 (EBM-135BJ) «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгению Пригожиннің бизнес санаттағы жеке ұшағы болған.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button