Ресейде Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары қамауға алынды
РФ ІІМ Астрахан облысы бойынша басқармасына медициналық мекемеден астрахандық 20 адамның белгісіз заттан улану белгілерімен жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Ресей құқық қорғау органының мәліметінше, 4 адам белгісіз дәріден уланып қайтыс болған, 20 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Аталған фактілер негізінде Ресей ІІМ Астрахань қаласы бойынша тергеу басқармасының ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, есірткі бизнесі және экономикалық қылмысқа қарсы күрес басқармасының тергеушісі тарапынан қылмыстық іс қозғалды.
«Төтенше іздестіру шаралары барысында Ресей ІІМ облыстық бас басқармасының Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаға қатысы болуы мүмкін болған есірткіні заңсыз сатуға күдікті тұлғаларды анықтады. Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның 3 азаматы Ставрополь өлкесінде полиция тарапынан тұтқындалып, Астраханьға жеткізілді», — делінген хабарламада.
Қажетті сараптамалар, соның ішінде генетикалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу істері мен жедел шаралар жалғасуда. Заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғалар, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін тыйым салынған заттарды тұтынған басқа да адамдар анықталып жатыр.
«Есірткілерді заңсыз айналымнан толығымен алып тастау шаралары жүргізілуде», — деді Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.