
Ресейде президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путинге сайлаушылардың 87 пайыздан астамы дауыс берген.
Ресей Федерациясы Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов — 4,32 пайыз дауыс жинап, екінші орында. Шараның өту барысын мыңнан аса халықаралық байқаушы бақылаған. Бұл жолы сайлаушылар жоғары белсенділік танытқан. Дауыс беруге құқылы азаматтардың 74,22 пайызы өз таңдауын жасады.