«Курьерлік» кәсібі Ресейдегі ең тапшы мамандықтардың бірі болып қала береді, осыған байланысты жалақы ұсыныстары да өсуде, деп хабарлайды TuraNews.kz Prime.ru сайтына сілтеме жасап.
Курьерлерге деген сұраныс соңғы 4-5 жылда тұрақты оң динамика көрсетіп, оны жалақы бойынша сұранысқа ие және тез өсіп келе жатқан мамандықтардың біріне айналдырды.
«Биыл ақпан және наурыз айының басында курьерлерге ұсынылған орташа жалақы рекордтық көрсеткішке жетіп, 112 500 рубльді құрады, ал бұл бір жыл бұрын 87 200 рубльді құрайтын болатын. Сұраныс пен жалақы деңгейіндегі бұл өсім курьерлер үшін нарықта қатал бәсекелестіктің бар екенін көрсетеді, өйткені жұмыс берушілер курьерлерге қазірдін өзінде 50 200 рубльді құрайтын орташа жалақыдан екі есе дерлік ұсынуға дайын», — деді Мария Игнатова, hh.ru. сайтының маркетингтік зерттеулер бөлімінің басшысы.
Оның айтуынша, 2024 жылдың басында Ресейде платформада курьерлер үшін 29,7 мың бос орын ашылған. Соңғы жылдардағы курьерлерді жалдау бойынша көшбасшылардың қатарында логистикалық компаниялар мен b2b жеткізу қызметтерінің операторлары, сондай-ақ бөлшек сауда желілері мен IT-компаниялары тұр.