«Роспотребнадзор» мәліметінше, жаңа ауру Ростов облысы мен Уфа қаласында тіркелген. ХЕС вариантының белгілері омикрон симптомдарына ұқсас.
Мекеме мәлімдемесінде Ресей аумағында SARS-CoV-2 вирусының нуклеотидтік тізбектеріне молекулярлық-генетикалық мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп жатқаны айтылған.
ХЕС — омикронның KS.1.1 және KP.3.3 кіші варианттарынан пайда болған коронавирус түрі, оның симптомдарына қызба, тамақтың ауырсынуы, жөтел, иіс сезбеу, тәбеттің жоғалуы, тұмау, дене және бас ауруы жатады.
ХЕС Францияда 21 пайыз жағдайда, Германияда 15 пайыз, Ұлыбританияда да таралған.