ӘлемДенсаулық

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны артты

Сарапшылар Ресейде ковид ауруының күшейгенін байқады, бірақ ауруханаға жатқызылғандар көп емес. Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко «Россия-1» телеарнасындағы «Вести» бағдарламасында берген сұхбатында айтты, деп жазады TuraNews.kz inbusiness.kz сайытна сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда біз назар аударғымыз келетін бірнеше инфекциялар бар. Әрине, жаңа коронавирустық инфекция жұқтыру саны артты, бірақ ол бұрынғыдай өршіп тұрған жоқ. Ауруханаға жатқызылған науқастар саны көп емес», — деді ол.

Алайда сақтық шараларын ұмытпаған дұрыс, деп қосты министр.

«Оған қоса бірқатар респираторлық вирустар ауаға таралды. Сондықтан дәл қазір жаңа маусым алдында вакцинациядан өтуге ең оңтайлы уақыт. Сондықтан біз жағдайды бақылап отырмыз», — деді ол

TuraNews

Back to top button