
Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің мәліметінше, олармен бірге Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің қызметкерлері болған, деп жазады Kazinform агенттігі.
Айтуларынша, Санкт-Петербург пен Мәскеудегі консулдық мекемелер балалардың Өзбекстан азаматы екенін анықтап, оларға қайту туралы куәлік беру шараларын қолға алған.
Балалар Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасына қарасты кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету орталығына уақытша орналастырылды.
– Орталықта оларды ана-аналары мен жақын туыстары «Адам» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары алдын ала дайындаған құжаттарымен қарсы алды. Кәмелетке толмағандарға әлеуметтік көмек көрсету олардың тұрғылықты жерінде де жалғасады, — делінген хабарламада.
Әкелінген 16 баланың 11-і ата-анасына қайтарылса, қалғандары туыстарының қамқорлығына берілді.
Еске сала кетейік, Ресейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30 өзбекстандық бала еліне қайтарылатыны жайлы хабарланған болатын.