Ресей мен Беларуське 50 жылдық санкция
Украина парламенті (Рада) Ресей мен Беларусь қорғаныс өнеркәсібіне қарсы 50 жылдық санкция шешімін мақұлдады, деп жазады TuraNews.kz.
Украиналық депутат Ярислав Елезняктың әлеуметтік желідегі жазбасына сәйкес, президент Владимир Зеленскийдің Радаға ұсынған заң жобасы жалпы отырыста талқыланды. Сессияға қатысқан 304 депутат қолдаған заң жобасы шеңберінде Ресей және Беларусь елдерімен қорғаныс саласындағы барлық ынтымақтастыққа, бірлескен жобалар мен бағдарламаларға тыйым салынып, әскери мақсаттағы және қосарлы мақсаттағы өнімдердің импорты тоқтатылды.
Қорғаныс саласында жұмыс істейтін ресейлік және беларусь компанияларына технология мен ақпаратты беруге еш жол берілмейді.
Украина парламенті бұған дейін Ресейге түрлі қару түрлерімен қатар ұшқышсыз ұшатын аппараттар бергені себепті Иранға 50 жыл бойы әртүрлі салаларда санкция салу шешімін мақұлдаған болатын.