Әлем

Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау қазан айының соңына шегерілді

Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау қазан айының соңына шегерілді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп жазады TuraNews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Қазақстан аумағындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ол құрылыс жұмыстарымен, газды есепке алу үшін жеке тармақ бөлумен байланысты. Меніңше, таяу уақытта бұл жұмыс аяқталып, транзиттің басталғанын жария ете аламыз. Газ көлемі өзбек тарапының өтініміне сай келісіледі. Яғни, біз өтінім алғаннан кейін транзиттің нақты көлемін хабарлаймыз», — деді министр XV KazEnergy Еуразиялық форумы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, кестеге сәйкес жұмыстар қазан айының соңында аяқталуы қажет. Осы орайда БАҚ өкілдері бұған дейін жөндеу жұмыстарының 1 қазанда аяқталатындығы мәлім етілгенін еске салды.

«Аталған транзиттік қамтамасыз ету мүмкіндігімен байланысты іске қосу-реттеу жүріп жатыр. Осы жұмысты аяқтай салысымен мәлімдеме жасаймыз», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

 

TuraNews

Back to top button