Қоғам
«Референдумның қорытындысы: қоғамдық келісімді нығайтудағы мәдениет пен өнердің айрықша рөлі»

Бекітілген республикалық Желілі кестеге сәйкес, бүгін — 2026 жылғы 19 наурызда Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығында «Культура» БПҰ өкілдерінің қатысуымен «Референдумның қорытындысы: қоғамдық келісімді нығайтудағы мәдениет пен өнердің айрықша рөлі» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы, коалиция мүшелері, БПҰ өкілдері қатысты.
Тартымды шара барысында БПҰ өкілдері өз ойларымен, алдағы жоспарларымен бөлісіп, қабылданған жаңа Конституция жұмыстарына жаңа серпін беретінің жеткізді.
Шара соңында, партия қатарына қабылданған тұлғаларға партиялық билеттер табысталды.



