Мәдениет

«Референдум қорытындылары: қоғамдық келісімді нығайтудағы мәдениеттің рөлі»

Ұлытау облысында Мәдениет саласының өкілдерімен «Референдум қорытындылары: қоғамдық келісімді нығайтудағы мәдениеттің рөлі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар референдум нәтижелерін талқылап, оның қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, мәдениет саласының қоғамдық келісімді қалыптастырудағы рөлі кеңінен сөз болды.

Жиынға қатысушылар мәдени іс-шаралар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдық диалогты дамыту және азаматтардың өзара түсіністігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Өз кезегінде сала өкілдері мәдениет арқылы қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау бағытында ұсыныстарын білдірді.

Кездесу соңында қатысушылар бірлескен жұмыстарды жалғастыруға және мәдениет саласының әлеуетін қоғамдық келісімді нығайту жолында тиімді пайдалануға дайын екендіктерін жеткізді.

TuraNews

Back to top button