ӘлемҚоғамСаясат

Рамзан Қадыровтың 16 жасар ұлы жаңа лауазымға ие болды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жасар Адам, жаңа лауазымға ие болды.

Адам Қадыров Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болды, деп жазады Zakon.kz.

Тағайындау туралы Қадыровтың өзі жеке Telegram-арнасында хабарлады. Саяси қайраткер ұлының міндеттерін өте жақсы орындайтынына сенімді.

Сондай-ақ, бұл шешім РУС басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша қабылданғанын айтты.

«Адам Қадыров атақты университеттің қызметімен тығыз таныс. Ол жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды деген сенімдемін», деп айтты Рамзан Қадыров.

Айта кету керек, бұл Адам Қадыровтың алғашқы лауазымы емес. 16 жасар Қадыров Шешенстанның батыры, әкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы қызметінде.

 

TuraNews

Back to top button