Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында халықты қолдау үшін азық-түлік бағасын арзандатуды ұсынды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Бас мүфти ел азаматтарын Рамазан айының басталуымен құттықтап, Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға шақырды.
«Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық», — деді Тағанұлы.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы қасиетті Рамазан айы, белгіленген күнтізбе бойынша, 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады.



