Қоғам

Қызылордада медиа саласындағы өзекті тақырыптар бойынша арнайы семинар-тренинг өтті

Қызылорда қаласында БАҚ өкілдеріне және баспасөз хатшыларына арналған «Медиадағы өзекті тақырыптар» атты төрт күндік семинар-тренинг өтті.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – медиа қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және заманауи журналистикадағы өзекті мәселелерді талқылау, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Семинар барысында қатысушылар медиада өзгеріп жатқан трендтер мен өзекті тақырыптар жөнінде тың ақпарат алды.

Іс-шараға «Медиа дамыту қоры» басшысының орынбасары, белгілі дербес журналист және «Көзілдірік медиа групп» компаниясының басшысы арнайы шақырылып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер жаңа медиадағы контент құрудың ерекшеліктерін, ақпаратты объективті түрде ұсынудың маңыздылығын және медиа саласындағы тың технологияларды пайдалану жолдарын талқылады.

Қатысушылар спикерлермен тікелей байланысып, кәсіби кеңестер мен пайдалы ақпараттарға ие болды.

Семинар медиа саласындағы мамандар үшін пайдалы әрі қызықты ақпараттық алаңға айналып, оларға жаңа тәжірибелер жинақтауға мүмкіндік берді.

TuraNews

Back to top button