Қызылордада бруцеллёз жұқтырғандар саны өсті
![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2023/04/danaresmi-780x470.jpg)
Қызылорда облысында жыл басынан бері 11 адам бруцеллёз ауруын жұқтырған, деп хабарлайды Turanews.kz.
Облыста жыл басынан бері бруцеллёз (сарып) ауруының 11 дерегі анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 жағдайға артқан.
«Олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Атап айтқанда, 14 жасқа дейінгілер үлесі – 18, 15-19 жастағылар -27, 19 жастан жоғарылар – 55%-ды құрайды. Сарып ауруы биыл аудандар бойынша Қармақшыда – 3, Жаңақорғанда – 2 дерегі тіркелсе, ол Қызылорда қаласында 6 жағдайды құрады. Дертке шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 45,4%», – деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Ведомство мәліметінше, бруцеллез ауруымен сырқаттанған 9 науқастың үй жағдайында уақ және өзге де үй ауылшаруашылық малдарына күтім жасағаны белгілі болды. Қалған 2-і мал шаруашылығымен айналыспайды, сүт пен етті сауда орындарынан сатып алып тұтынады.