ДенсаулықҚоғам

Қызылорда облысында маусым айында 21 адам қарбыздан уланып қалды

Қызылорда облысында маусым айында 21 адам қарбыздан уланып қалды. Бұл туралы Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Turanews.kz.

Жаздың алғашқы күндерінен бастап тұрғындар арасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс-жидектен уланған науқастар саны өсіп келеді.

«Маусым айында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдерінен (қарбыз) пайда болған жіті ішек инфекциясына шалдыққан 21 жағдай есепке алынды. Қарбыз жаздың алғашқы айында сауда сөрелерінде пайда бола бастайды. Бұл уақытта өнімдер анағұрлым қауіпті, яғни нитратпен улану деңгейі жоғары», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жыл сайын облыс тұрғындары арасында жұқпалы жіті ішек ауруларына шалдығу республикалық орташа көрсеткіштен 2-3 есе жоғары болып отыр.

TuraNews

Back to top button