Экономика
Қызылорда: Жалағаштық кәсіпкер кондитерлік өнімдер шығару ісін қолға алды
Күн санап кәсіпке ден қойғандардың қатары артуда.
Бірі мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып тың идеясымен жаңа кәсіп бастаса, енді бірі дөңгелетіп отырған кәсібін одан әрі ұлғайтып, көкжиегін кеңейтуде. Солардың бірі — Нұргүл Алтыбаева.
Ол мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, кондитерлік өнім шығару ісін қолға алған.
– Мен маусым айында қайтарымсыз грантқа өтінім білдіріп, жеңіп алдым. Пештер мен миксерлер және басқа қажет құралдарды алдым. Түрлі пішіндегі, өзгеше дизайндағы торттарды шығарудамын. 2010 жылдан бері торт дайындаға қызығып жүретінмін. Сол қызығушылығым кәсіпке айналуда. Күніне тапсырысқа қарай 9-10 торт жасаймын. Алдағы уақытта осы кәсіптің көкжиегін кеңейткім келеді, – деді Нұргүл Алтыбаева.