Экономика

Қызылорда: Жалағаш ауданында кәсіпкер-оқушы еттен түрлі тағам дайындайды

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 11 сынып оқушысы Назым Ережеп кәсіп бастады. Оқушы-кәсіпкердің қолынан шыққан өнімдерге аудан көлемінде сұраныс көп. Назым қой, сиыр, жылқы еттерінен шұжық, әсіп және тауық етін ыстап, өзгеше тағам түрлерін дайындайды.

— Бұл кәсіпке шынайы қызығушылықпен келдім. Себебі біздің дүкендерде барлығы зиян, құрамында көптеген химикаттар бар. Соларды байқап, табиғи өнімді жасап көруде шештім. Барлығы қолдан дайындалған, таза өнімдер. Бұл шұжықтар дүкеннен сатып алынған фарштан емес, арнайы сиыр, жылқы, қой етінен жасалған өнімдер. Таза, табиғи өнімді тұтыныңыздар деп кеңес беремін,- деді Назым Ережеп.
Негізінде бұл бастаманы Назымның әкесі Алмат Ережепұлы мемлекеттік қайтарымсыз грант алып бастаған. Кейін оны Назым жалғап, аудан сұранысына сай өнімдер әзірлеуде.

— Кәсіпке келудегі себеп — қызымның аспаздық қабілетін дамыту. Өзі кішкентайынан өзгеше тамақ істеп, осы салаға жақын болды. Бастапқыда торт жасап, сата бастады. Кейін ет өнімдерінен тамақ әзірлеуге қызығушылығы пайда болды. Бұл кәсіпті бастағанымызға көп болған жоқ. Сұраныс та аз емес,- деді Алмат Ережепұлы.

Қызылордада жасалған: Аймақта кәсіпкерлік саласы түрлі жобалар арқылы даму үдерісінде

Облыста қайтарымсыз грант алып,кәсіп көкжиегін кеңейткен кәсіпкерлердің үлкен шоғыры бар. Өз кәсібінен өнім өндіріп отырғандардың бірі — «Алтын тас» ЖК мекемесінің директоры Нұрбек Тұрғанбеков. Ол тас төсеніш пен керамикалық плиталар өндірісін қолға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
2022 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жеңілдетілген несие алып, өндіріс орнын 3 есеге кеңейткен.

— Қазіргі таңда, цех аумағында пискоблок, тротуар тақталары, бордюр, науа , люк, жертөле, полифасад өнімдері өндіріліп, тұтынушыларға пайдалануға берілуде. Биыл өндіріс көлемін 32 000 ш.м-ден 40 000 ш.м дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз.Қазіргі уақытта мекемеде 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл жаз мезгілінде, нағыз құрылыстың қызған шағында сұраныстар да жиі түсіп жатыр. Біздің қаламыздан бөлек, өзге қалалардан да арнайы тапсырыстар түседі,- деді Нұрбек Тұрғанбеков.

TuraNews

Back to top button