Мәдениет
Қытайлық қандасымыз ата кәсібі түйе шарушылығын дамытуда
Шыңжаңның Бурылтоғай ауданы түйе өнеркәсібінің қарқынды дамуын қолдап, бақташылар кірісін арттырды, деп хабарлайды Қытайдың «People.cn» ақпараттық порталы.
Аталған басылымның мәліметінше, Шыңжаңның Алтай аймағы Бурылтоғай ауданында тұратын қандасымыз Нардос Бақытбекұлы жеке шаруа ауласында түйелерге жем-шөп әзірлейді. Нардос Бақытбекұлы қазіргі уақытта 150-ден астам түйе бағып отыр.
«Оның ішінде 50-ге жуығы сауылатын інгендер. Жаңа дайындалған шұбатты компаниялар күн сайын сатып алады. Бұл бақташының өз отбасын тұрақты табыспен қамтамасыз етеді», деп жазады қытайлық БАҚ.