ҚоғамСаясатЭкономика

Қытайдан Ертіс арқылы қатынайтын кемелердің порты салынады

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында Қытайдан Ертіс арқылы қатынайтын кемелердің порты салынады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлім етті.

«Ертіс трансшекаралық өзенінің транзиттік потенциалын кеңейту жобасы бар. Бұл еліміз арқылы Ресей мен Қытай елдері арасында жаңа көлік бағдарын ашуға мүмкіндік береді. Аталған бағытты дамыту мақсатында Семей қаласының маңайында жаңа кеме жүру шлюзының құрылысы қарастырылатын болады», — деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ ол Майқапшағай кеден бекетіне теміржол тартылатынын айтты.

«Тұғыл ауылының аумағында порт және Қытай шекарасына дейін Тұғыл-Майқапшағай учаскесінде ұзындығы 99 шақырым темір жол желісі салынады. Тасымалдың қосымша болжамды көлемі – 2 — 2,5 млн тонна», — деді министр.

TuraNews

Back to top button