Қытайдың Цзинхун қаласында кеден қызметкерлері шалбарына тірі құрттарды салып, жасырып өтпек болған әйелді ұстады, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Әйел кеденшілердің назарына «денесінің аномалды қимылы» мен күмән тудырған жүрісінің арқасында іліккен. Need To Know басылымының жазуынша, тексеру барысында кеден қызметкерлері оның шалбарынан бір килограммнан астам тірі бамбук құрттарын тапты.
Одан кейін кеденшілер әйелмен бірге келе жатқан тағы екі жолаушыға назар аударған. Олар да күмәнді әрекеттер жасаған. Тексеру кезінде әйелдердің бірінің іш тұсына оралған шұлық ішінен екі килограмм тірі жәндік табылды. Ал үшінші әйелдің қалталарынан және рюкзагынан жеке салынған төрт пакет құрт шықты.
Құқық бұзушылардың қай елдің азаматтары екені әзірге нақты айтылмаған.
@thedailystar Travellers have been warned that live insects are prohibited from being brought into the country. #dailystar #worms #customs ♬ Noticias — yagobeats



