Әлем

Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100 адамнан асты

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу және Цинхай провинцияларында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100 адамнан асты. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасынан мәлімдеді, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме беріп.

Ганьсу провинциясында қаза тапқандар саны қазір 105 адамға жетті, ал Цинхай провинциясында 11 адам қайтыс болды. Бұған дейін Қытайдың жоғарыда аталған екі провинциясында 300-ден астам адам құрбан болғаны туралы хабарланған.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин адамдарды іздестіру және құтқару, сондай-ақ Ганьсу провинциясындағы жер сілкінісінің салдарын жою үшін барлық күш-жігерді жұмсауға шақырды.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жұмыс тобын жіберді.

Іздестіру-құтқару жұмыстары күрделі метеорологиялық және географиялық жағдайларға байланысты қиындап жатыр. Жер сілкінісі болған кезде түнде ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеген. Синоптиктердің болжамынша, жер сілкінісі болған аймақта алдағы 10 күнде ауа температурасы күндіз 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде -14 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жерасты дүмпулері Ганьсу провинциясының Цзишишань-Баоань-Дунсян-Салар автономиялық округінде тіркелді. Ошағы 10 км тереңдікте болған.

TuraNews

Back to top button